7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Талдықорған қаласының Жоғарғы политехникалық колледжінің білімгерлерінің қатысуымен «Денсаулық-баға жетпес құндылық» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шараға Талдықорған қалалық емханасының валеолог маманы: Шарипбаева Алина Асқарбекқызы, психолог маманы: Жендікова Дана Асқарбекқызы қатысып, білімгерлерге денсаулық туралы ақпарат берді.